2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті №78 «Асыл» бөбекжай-балабақшасында аудиторлық іс-шара жүргізді.
Тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 205,7 млн теңгені құрайтын бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде:
Аудит барысында лауазымдарды қоса атқарғаны үшін қосымша төлемдерді төлеу кезінде жекелеген бұзушылықтар, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізудегі кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, кейбір активтердің негізгі құралдар құрамында танылмауы және ұзақ мерзімді активтердің тауарлық-материалдық қорлар құрамында көрсетілуі қаржылық есептіліктің бұрмалануына алып келген. Сонымен қатар, материалдық жауапты тұлғаларда тауарлық-материалдық қорлар мен азық-түлік өнімдерінің жетіспеушілік фактілері анықталды.
Сондай-ақ аудит нәтижесінде Кәсіпорынның даму жоспарына шығыстар бөлігінде түзетулердің уақтылы енгізілмегені анықталып, соның салдарынан нақты шығыстардың бекітілген жоспарлы көрсеткіштерден асып кетуіне жол берілген.
Бұдан бөлек, мектепке дейінгі ұйым топтарының белгіленген нормативтік толықтырылу көрсеткіштерінен асып кету фактілері, сондай-ақ топтық бөлмелерді жиһазбен және жабдықпен қамтамасыз ету нормаларының жекелеген бұзушылықтары анықталды.
Мемлекеттік сатып алу саласында жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын веб-порталда уақтылы орналастырмау, техникалық ерекшеліктерде тауарлардың фирмалық атауларын көрсету, тұрақсыздық айыбын өндіріп алу бойынша шаралар қабылдамау, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамаған жеткізушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану жөнінде шаралар қабылдамау фактілері анықталды.
Аудит қорытындысы бойынша Балабақшаға анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.
Кәсіпорын жергілікті бюджет кірісіне 991,1 мың теңге өтеп, бухгалтерлік есепте көрсету арқылы 128,2 млн теңгені қалпына келтірді.
Жіберілген бұзушылықтар үшін 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 2 жауапты тұлғаға тәртіптік жаза ретінде сөгіс жарияланды.