Меню

Страницы

Статья

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына жүргізілген аудит нәтижелері

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен оған қарасты «Руханият» және «Астана қаласының мемлекеттік архиві» мекемелерінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізді.

Аудит іс-шарасының мақсаты – қаржылық есептіліктің дұрыстығын растау.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 22,2 млн теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

  • қаржылық бұзушылықтар – 344 мың теңге;
  • рәсімдік бұзушылықтар – 21,9 млн теңге.

Аудит барысында қызметкерлердің бірінің еңбек өтілі негізсіз жоғары көрсетілуіне байланысты оған артық жалақы есептеліп, төленгені анықталды. Сонымен қатар, еңбек демалысына төленетін төлемдерді есептеу кезінде ынталандыру үстемақыларына негізсіз жоғарылатылған коэффициент қолданылған, бұл есептелген төлемдердің артық көрсетілуіне әкелген. Сондай-ақ салықтар мен әлеуметтік аударымдар бойынша міндетті төлемдердің қайтарылуын бухгалтерлік есепте уақтылы көрсетпеу фактілері анықталды.

Аталған бұзушылықтармен қатар бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, мүлік объектісінің бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетілмеуі және оған түгендеу нөмірінің берілмеуі орын алған.

Сонымен бірге бюджет қаражатын қайта бөлу тәртібінің бұзылғаны анықталды. Қайта бөлінген қаражат көлемі заңнамада белгіленген үнемделген бюджет қаражатының жалпы көлемінің 30 % мөлшеріндегі шектен асып кеткен.

Аудит барысында шығыстарды дұрыс жіктемеу фактілері, сондай-ақ материалдық емес активтерді есепке алу кезінде бухгалтерлік есепті тиісінше жүргізбеуге және оларды есептен шығару тәртібін сақтамауға байланысты бұзушылықтар анықталды.

Аудит қорытындысы бойынша Басқармаға анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.

Бүгінгі күні нұсқама толық көлемде орындалды. Атап айтқанда, жергілікті бюджет кірісіне 132,1 мың теңге өтеліп, бухгалтерлік есепте көрсету арқылы 211,9 мың теңге қалпына келтірілді.

Жіберілген бұзушылықтар үшін екі жауапты тұлғаға тәртіптік жаза ретінде ескерту түріндегі тәртіптік шара қолданылды.

Дата публикации
10 июня 2026
Дата обновления
11 июня 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы