Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінде еңбекақы бойынша мониторинг жүргізуде. 04.06.2026 жылғы жағдай бойынша 5 448,2 мың теңге сомасында еңбекақыны асыра бағалау (артық төлеу) бойынша бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтар жойылды және бюджетке толық көлемде өтелді.
Департамент күн сайын еңбекақыны асыра бағалау, негізсіз төлемдер жасау, жұмыс істелген сағаттар мен мөлшерлемелерді (ставкаларды) қолдан арттыру тәуекелдеріне талдау жүргізеді.
Сондай-ақ Департамент Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының білім бөлімі» ММ-мен бірлесіп, мектептердің, балабақшалардың және мектептен тыс ұйымдардың директорлары мен бухгалтерлері үшін «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі бойынша кеңес өткізді.
Сондай-ақ Департамент «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Рудный қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ-мен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен бірлесіп, бухгалтерлік есепті жүргізуге, соның ішінде еңбекақыны асыра бағалау (артық төлеу) тәуекелдеріне қатысты кеңес өткізуді жоспарлап отыр.