Меню

Страницы

Статья

Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын негізсіз (асыра) біліктілік талаптары

         ҚР ҚМ ІМАК Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтау тұрақты негізде камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау барысында сатып алуды ұйымдастырушылар тарапынан біліктілік талаптарын негізсіз белгілеудің жекелеген жағдайлары анықталды.

Мәселен, «Павлодар қаласының №21 жалпы орта білім беру мектебі» КММ телефон байланысы қызметін сатып алуды өткізу туралы хабарландыру жариялады. Бұл ретте конкурстық құжаттамада Тапсырыс беруші «Электромонтер – 2 адам» еңбек ресурсы түріндегі біліктілік талабын белгіледі.

Алайда, аталған талап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының нормаларына сәйкес келмейді. Атап айтқанда, еңбек ресурстарының болуы бөлігінде біліктілік талаптарын белгілеу заңсыз болып табылады, өйткені тиісті қызмет көрсету лицензиялауға жатады.

Лицензияның болуы өнім берушінің біліктілігін және оның кадрлық қамтамасыз етілуін растайды, осыған байланысты еңбек ресурстарының болуы туралы талап қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді.

Артық немесе заңсыз біліктілік талаптарын белгілеу адал қатысушылардың сатып алуға қолжетімділігін шектейді, теңдік және ашық бәсекелестік қағидаттарын бұзады, сондай-ақ сатып алуды ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларына әкеп соғуы мүмкін.

Мұндай бұзушылықтарды анықтау фактілері бойынша Департамент тиісті ден қою шараларын қабылдайды. Аталған шаралар алдын алу сипатында болады және бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ сатып алуды жүзеге асыру кезінде заңдылық пен ашықтық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Департамент олардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін мониторингілеу және талдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

Дата публикации
04 июня 2026
Дата обновления
04 июня 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы