Меню

Страницы

Статья

Жетісу облысындағы онлайн-бюджеттік мониторинг нәтижелері туралы

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылау мақсатында онлайн-бюджеттік мониторингті жүзеге асырады.

«Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын төлеу кезінде ақша қаражатының аударылуын жедел бақылауға және ықтимал бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Есепті кезеңдегі онлайн-бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша Департамент тарапынан тәуекел деңгейі жоғары төлемдер бойынша білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы мониторинг объектілеріне барлығы 1 422 хабарлама жолданды, оның ішінде:

  • білім беру саласы бойынша 957 хабарлама жолданды. Ұсынылған материалдарды қарау нәтижесінде 698,7 мың теңге сомасына бұзушылықтар анықталып, аталған қаражат бюджетке толық көлемде өтелді;
  • денсаулық сақтау саласы бойынша 98 хабарлама жолданды. Ұсынылған материалдармен расталған 31,8 мың теңге сомасына бұзушылықтар анықталып, қаражат бюджетке өтелді;
  • мәдениет саласы бойынша 169 хабарлама жолданды. Ұсынылған материалдармен расталған 1 039,2 мың теңге сомасына бұзушылықтар анықталып, қаражат бюджетке өтелді;
  • спорт саласы бойынша 75 990,6 мың теңге сомасындағы төлемдерге қатысты 198 хабарлама жолданды. Аталған төлемдер бойынша мониторинг жұмыстары жалғасуда.

«Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулін қолдану тәжірибесі оның қаржылық бұзушылықтарды жедел анықтау мен алдын алудың тиімді құралы екенін көрсетуде.

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті превентивтік бақылауды күшейту, бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру және бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.

 

Дата публикации
04 июня 2026
Дата обновления
04 июня 2026
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы