"Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті" РММ (бұдан әрі - Департамент) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 3-1-тармағына сәйкес кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қызметі лицензиялануға жататынын хабарлайды.
Білім беру қызметімен айналысуға арналған Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бес жыл мерзімге беріледі. Аталған норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 242-VIII ҚРЗ Заңымен енгізілді және 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енді.
2026 жылғы жазғы сауықтыру науқанының бұзылуына жол бермеу мақсатында жоғарыда аталған заң нормаларын басшылыққа алуды сұраймыз.