Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың алғашқы 5 айындағы ШҚО бойынша камералдық бақылаудың қорытындылары

2026 жылдың бес айының қорытындысы бойынша ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылаумен жалпы құны 167 млрд. теңге мемлекеттік сатып алуларды қамтыды.

Осылайша, камералдық бақылау барысында мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың 28,9 млрд. теңге сомасында бұзылуы анықталды, осы арқылы бюджеттік міндеттемелердің заңсыз қабылдануы келісімшарт жасасудың және қаражатты аударудың алдын-ала тоқтатылды.

Осымен қатар, Департамент камералдық бақылау аясында бір көзден тікелей келісімшарт жасасу тәсілімен жалпы құны 4,7 млрд. теңге келісімшарттарды негізсіз жасасу фактілеріне қол сұғылды, бұл тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды бәсекелестік ортаға шығаруға мүмкіндік берді, осылайша әлеуетті жеткізушілерге сатып алуларға қатысу үшін тең мүмкіндіктер берілді.

Сондай-ақ, камералдық бақылау арқылы 0,6 млрд. теңге сомасындағы қосымша келісімдерді негізсіз жасасу фактілеріне қол сұғылды, бұл мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Талдау көрсеткендей, жиі кездесетін бұзушылықтарға стандарттарды, орындау мерзімдерін көрсетпеу, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қысқаша сипаттамасын орналастырмау, демпинг белгісін дұрыс емес белгілеу, заңнамада көзделмеген жағдайларда модельдерді, тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілерін көрсету және басқалары жатады.

Тікелей келісімшарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу жағдайында, тапсырыс берушілер мұндай тәсілді таңдауды жиі 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының № 106-VIII ЗРК Заңының 16-бабында көзделген сәйкес негізсіз жүзеге асырады.

Жекелеген жағдайларда, хабарландыруларды орындамағаны және лайықты орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік бұзушылық бойынша 34 іс қозғалды.

Бұзушылықтардың алдын алуға, болдырмауға және дер кезінде анықтауға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

Дата публикации
02 июня 2026
Дата обновления
03 июня 2026
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы