Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қаржы ашықтығын арттыру: онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің 2026 жылғы мамыр айының қорытындысы

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті 2025 жылдан бастап мемлекеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында онлайн бюджеттік мониторинг жүйесін тұрақты негізде қолданды. Аталған цифрлық жүйе бюджеттік шығыстарды нақты уақыт режимінде бақылауға, тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауға және қаржылық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік берді.

Онлайн бюджеттік мониторинг – бюджеттік қаражаттың қозғалысын автоматтандырылған түрде талдайтын заманауи цифрлық платформа. Жүйе арқылы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қаржы игеруі бойынша деректер жинақталып, талданып, тәуекел белгілері анықталған жағдайда уәкілетті органдарға жедел хабарламалар жолданады. Бұл өз кезегінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға және бюджет қаражатын тиімді басқаруға ықпал етеді.

Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесі қазіргі таңда мемлекеттік қаржы саласында ашықтықты арттыруға, қаржылық тәртіпті нығайтуға және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құрал ретінде өз тиімділігін дәлелдеді.

2026 жылдың басынан Департамент «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі арқылы білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша 1208 тәуекел қаралып, жалпы сомасы 255 619,0 мың теңгені құрайтын 127 хабарлама жолданды.

Тексеру нәтижесінде «Темір аудандық мәдениет және дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің «Темір аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де 2025 жыл аралығында мекеменің бас есепшісі өзінің жеке банк шотына жалпы сомасы 531,5 мың теңге артық еңбекақы аударған, тиісті шаралар қабылданып, жалпы сомасы 531,5 мың теңге бюджетке толығымен қайтарылды. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалардың жауапкершілігін  қарау  және өздерінің ресми интернет-ресурстарында тиісті ақпаратты шығару жөнінде  хат жіберіліп, нәтижесінде мекеме басшысы «ескерту» және мекеме есепшісі «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл жағдай онлайн мониторинг жүйесінің тиімділігін дәлелдей отырып,мемлекеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуде ашықтық пен жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетті.

Дата публикации
02 июня 2026
Дата обновления
03 июня 2026
Тип
Мониторинг

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы