Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы бюджет және өзге де заңнама талаптарын сақтауына, сондай-ақ құрылыс саласындағы шарттық міндеттемелердің орындалуына ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді.
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік аудиттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Аудит барысында аудит объектісі тарапынан бұрын төленген авансты пропорционалды ұстап қалу қамтамасыз етілмегені, сондай-ақ жасалған шарт талаптарына сәйкес орындалған жұмыстар көлемінің растығы қамтамасыз етілмегені анықталды.
Аудиторлық іс-шара нәтижелері бойынша Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен аудит объектісінің атына құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау арқылы анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама енгізілді.