Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен аудиторлық іс-шара жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша 9,9 млн теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды

Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен мемлекеттік аудит объектісінің уақытша орналастырылған ақша қаражатының бақылау-қолма-қол ақша шоттарындағы қаражатты пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы бюджет және өзге де заңнамасы нормалары талаптарының сақталуы мәселесі бойынша ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік аудиттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Аудит барысында аудит объектісі тарапынан уақытша орналастырылған ақша қаражатының бақылау шотынан өнім берушілердің пайдасына жалпы сомасы 9,9 млн теңге көлемінде ақша қаражаты аударылғаны анықталды. Алайда аталған қаражат Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің талаптарын бұза отырып, бухгалтерлік есепте дебиторлық берешек ретінде көрсетілмеген.

Сонымен қатар, аудит объектісі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын бұзуға жол берген. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың уақытша орналастырылған ақша қаражаты шотынан өнім берушілердің пайдасына құқықтық және нақты негіздерсіз ақша қаражаты аударылған.

Аудиторлық іс-шара нәтижелері бойынша Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен аудит объектісінің атына тиісті операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету арқылы бұзушылықтарды қалпына келтіру жөнінде нұсқама шығарылды.

Нұсқаманы орындау мақсатында аудит объектісі тарапынан тиісті шаралар қабылданып, бухгалтерлік анықтамаға сәйкес 9,9 млн теңге сомасындағы бұзушылық бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.

Осылайша, Қазақстан Республикасы бюджет және өзге де заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтары жойылды.

Дата публикации
26 мая 2026
Дата обновления
29 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы