Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2026 жылдың 1 тоқсанында 8 аудиторлық іс-шара, оның ішінде 2025-2026 жылдарға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 3 аудиторлық іс-шара және жоспардан тыс аудитпен 5 аудиторлық іс-шара өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 2858,3 млн.теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 1595,4 млн.теңге бюджетке өтелуге және қалпына келтіруге жатады.
Қабылданған шаралар бойынша 75,1 млн.теңге қалпына келтірілді және бюджетке өтелді, оның ішінде: есепке алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу арқылы 56,5млн.теңге қалпына келтіріліп, 18,6 млн.теңге бюджетке өтелді.
Аудиторлық іс-шараның нәтижесінде 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Үш лауазымды тұлға 1,4 млн.теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,2млн.теңге бюджетке өтелді.
Бұзушылықтардың негізгі үлесін мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы, еңбекақыны, іссапар шығындарын және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу қағидаларын бұзуға тиесілі.
Бұзушылықтар лауазымды тұлғалар тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығынан, кейбір жағдайларда бухгалтерлердің біліктілігінің төмендігінен, қызметкерлердің лауазымдық жалақысын есептеу үшін дұрыс коэффициенті қолданбауынан, мердігерлердің құрылыс нормаларын сақтамауынан, тапсырыс берушiнiң мердiгердiң жұмысына тиiсiнше мониторинг жасамауынан және бақыламағандығынан, шарттық мiндеттемелердiң тиiсiнше орындалмағандықтары себепкер болып табылады.
Мысалы, «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де сәйкестік аудитін жүргізу кезінде, «ПСК «Гарант» ЖШС-мен 2025 жылғы 05.05. №285, «Арарат Универсал» ЖШС-мен 2024 жылғы 29.10. №410, 2025 жылғы 20.05. №314, №315, №316, №317 шарттарды орындау мәселесі бойынша 929897,0мың.теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Конкурстық құжаттаманың талаптарына, нормативтік-техникалық құжаттарға және шарт талаптарына сәйкес келмейтін орындалған жұмыстар үшін жалпы сомасы 904660,3мың.теңгеге төлем жүргізілген, сондай-ақ «Арарат Универсал» ЖШС-нің 3 жоба бойынша орындалмаған жұмыстары үшін жалпы сомасы 25236,7 мың.теңгеге негізсіз төлем жүргізілген.
«Қарағанды Су» ЖШС-де сәйкестік аудитін жүргізу кезінде лауазымдарды қоса атқарғаны үшін жалпы сомасы 52545,4 мың теңгеге негізсіз төлем анықталды. Қабылданған шаралармен негізсіз төлем кәсіпорын шотына толық көлемде қайтарылды.
Департаментпен тұрақты түрде заң бұзушылықтар сомасын толық өтеу және қалпына келтіру және кінәлілерді жазалау бойынша заңнамада көзделген барлық шараларды қабылдайды.