Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудиторлық іс-шара өткізді.
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 9 223,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тексеру барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау фактілері белгілі болды.
Атап айтқанда, ҚР Еңбек кодексін бұза отырып, Мекеме педагогтар үшін нормативтік оқу жүктемесінен тыс уақытқа негізсіз ақы төлеуді жүзеге асырған.
Сондай-ақ, Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, соның ішінде шет мемлекеттерге жіберілген шығыстарды өтеу қағидаларын бұза отырып, Мекеме есеп беретін тұлғалардың аванстық есептерді ұсынбауына жол берген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бұза отырып, кезекші автокөліктің айына 2100 шақырымнан астам жүгіріс лимитін асыруы нәтижесінде Мекеме ЖЖМ-нің артық жұмсалуына жол берген, бұл жанар-жағармай материалдарының артық есептен шығарылуына әкеп соққан.
Анықталған бұзушылықтар Мекеме жұмыс процесіндегі жүйелі қателіктерді көрсетеді.
Тексеру қорытындысы бойынша аудит объектісінің мекенжайына анықталған бұзушылықтарды жою және бюджет қаражатын қалпына келтіру қажеттілігі туралы нұсқама жіберілді.
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда
.