Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметінде елеулі қаржылық бұзушылықтарды анықтады. Азаматтардың шағымдарынан кейін басталған тексеру бюджет қаражатын негізсіз жұмсау фактілерін растады.
Аудит барысында жарысқа қатысқан спортшылардың нақты саны іссапарлар туралы ресми бұйрықтардағы сандардан айтарлықтай ерекшеленетіні анықталды. Чемпионаттар мен кубоктарға құжаттар бойынша командалардың толық құрамы жіберілді, ал іс жүзінде қатысушылар саны екі есе аз болды.
Аудиторлар іссапар туралы бұйрықтарды жарыстың қорытынды хаттамаларымен салыстырды. Мысалы, Алматы қаласына іссапар бойынша мәлімделген сегіз қатысушының тек төртеуі ғана қатысты. Және мұндай жағдайлар жалғыз емес. Бұл ретте аванстық есептер бойынша ақшалай қаражат бастапқы (артық) санына қарай толық көлемде есептен шығарылды.
Үш іссапар бойынша белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 112, 6 мың теңгені құрады. Бұл қаражат мемлекеттік бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.
Ведомствоның атына бұзушылықтарды жою және залалды өтеу үшін ұйғарым мен аудиторлық қорытынды жіберілді. Көрсетілген сома бюджет кірісіне өтелді.