Меню

Страницы

Статья

2025 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілік/қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит саласындағы заңнамасымен бекітілген құзыретіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) жыл сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне/қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді.

Осылайша, Департаменттің қаржылық есептілік аудиті бөлімі ағымдағы жылдың сәуір айында 2025 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті/қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау мәселесі бойынша аудитті аяқтады. Аудит
3 бюджеттік бағдарламалар әкімшісінде жүргізілді, оның ішінде:

«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ, аудиторлық іс-шаралар барысында 13 ведомстволық бағынысты мекемелерде үстеме тексерумен қамтылды;

«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, аудиторлық іс-шаралар барысында 1 ведомстволық бағынысты мекеме үстеме тексерумен қамтылды;

«Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.

Мемлекеттік мекемелерде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар барысында активтердің, қорлардың дұрыс көрсетілуі, ақша қаражаты қозғалысының есебі, дебиторлық және кредиторлық берешектерді есептеу, кірістер мен шығыстарды жабу, міндеттемелер мен таза активтердің/капиталдың толық көрсетілуі, сондай-ақ есепті кезеңде жасалған өзге де қаржылық-шаруашылық операциялар мәселелері жалпы қамтылды.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 54,7 млрд. теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бюджетке өтелуге жататыны – 11,1 млн. теңге, жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтіруге жататыны – 190,1 мың теңге, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 54,6 млрд. теңге, оның ішінде сәйкестендіруге жататыны – 54,6 млрд. теңге.

Атап айтқанда, Павлодар облысының білім беру басқармасы мен Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы 2025 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 мамырдағы №229 «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-тарауының 16-тармағы талаптарын сақтамаған, 2025 жылғы 30.06 жағдайы бойынша жекелеген операциялардың толық әрі шынайы көрсетілуі, кірістер мен шығыстардың есепті кезеңдерге дұрыс жатқызылуы қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ, ведомстволық бағынысты мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 мамырдағы №230 «Қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну нысандарын, кезеңділігін және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-тарауының 3-тармағында регламенттелген талаптарды сақтамаған, 2025 жылғы 30.06 жағдайы бойынша жекелеген операциялардың толық әрі шынайы көрсетілуі, кірістер мен шығыстардың есепті кезеңдерге дұрыс жатқызылуы қамтамасыз етілмеген

Сонымен қатар, Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 мамырдағы №230 «Қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну нысандарын, кезеңділігін және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-тарауының 3-тармағында регламенттелген талаптарды сақтамаған, 2025 жылғы 30.06 жағдайы бойынша жекелеген операциялардың толық әрі шынайы көрсетілуі, кірістер мен шығыстардың есепті кезеңдерге дұрыс жатқызылуы қамтамасыз етілмеген

Мекемелерде және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерде анықталған бұзушылықтарды талдау бухгалтерлік тәртіптің бұзылуын, қаржылық есептілік пен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау талаптарының сақталмауын, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша дұрыс емес жатқызуларды, еңбекақы мен іссапар шығыстары бойынша артық төлемдерді, қаржылық есептілік нысандары арасындағы сәйкессіздіктерді, сондай-ақ жүктелген функционалдық міндеттердің толыққанды орындалмауын көрсетті. Бұл ретте бұрмаланған шоғырландырылған қаржылық есептіліктің/қаржылық есептіліктің ұсынылу тәуекелі жоғары болып табылады.

Анықталған бұзушылықтар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілікті/қаржылық есептілікті жасау жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмейтінін көрсетеді, өйткені бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік деректерінің дұрыстығы мен толықтығы толық көлемде қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде ведомстволық бағынысты мекемелердің бухгалтерлік есеп деректерін қайта тексермейді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Департамент Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес қаржылық бақылаудың ден қою шараларын қолданды.

Өз кезегінде, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Қазақстан Республикасы заңнамасының осындай бұзушылықтарын жою және алдағы уақытта болдырмау мақсатында жан-жақты шаралар қабылдауда.

 

 

Дата публикации
15 мая 2026
Дата обновления
15 мая 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы