Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті: Қазығұрт ауданында 180 000,0 мың теңге көлемінде қаржылық бұзушылық анықталды

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылғы 2 наурызда Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының «Қазығұрт аудандық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне аудиторлық іс-шара жүргізді.

Аудит нәтижесінде мемлекеттік сатып алу және бюджет қаражатын пайдалану саласындағы талаптардың сақталуына тексеру жүргізу барысында жалпы сомасы 180 000,0 мың теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, ғимаратты сатып алу кезінде техникалық ерекшелікте көрсетілген тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттардың жеткіліксіздігі және рәсімдердің толық орындалмауы фактілері тіркелді.

Сонымен қатар, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы орталық көшесінде орналасқан ғимаратты сатып алу рәсімдері барысында мемлекеттік мекеме тарапынан қабылданған құжаттар мен төлем шоттарының негізділігі мен дұрыстығын қамтамасыз ету талаптары сақталмағаны анықталды. Бұл өз кезегінде бюджет қаражатының жұмсалуында белгіленген тәртіптердің бұзылуына алып келген.

Аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және бюджет қаражатын қалпына келтіру бойынша тиісті нұсқама аудит объектісіне жолданды.

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстарын жалғастыруда.

Дата публикации
13 мая 2026
Дата обновления
14 мая 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы