Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті: Жетісай ауданында 991 932,8 мың теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылғы 13 наурызда «Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аудиторлық іс-шара жүргізді.

Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 991 932,8 мың теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттар шеңберінде техникалық ерекшеліктерде көрсетілген тауарлардың сәйкестігін тексеру барысында 980 656,0 мың теңге көлеміндегі бұзушылықтар тіркелді. Сонымен қатар, құрылыс саласындағы жұмыстарды орындау туралы келісімшарт бойынша 11 276,8 мың теңге сомасында қаржылық ауытқулар анықталды.

Аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды қалпына келтіру мақсатында аудит объектісіне тиісті нұсқама жолданды.

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының заңдылығы, тиімділігі және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Дата публикации
13 мая 2026
Дата обновления
14 мая 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы