Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау барысында Отырар ауданы әкімдігінің «ОТЫРАР-ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті дайындау саласында бұзушылықтар анықтады.
Тексеру нәтижесінде кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және қаржылық есептілікті жасау үшін қажетті есеп саясаты келісілмегені және бекітілмегені анықталды. Осылайша бухгалтерлік есепті жүргізу және есептілікті дайындауды реттейтін заңнама талаптары, сондай-ақ Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының (ХҚЕС) талаптары сақталмаған.
Сонымен қатар ұсынылған есеп саясатының қолданыстағы Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының (ХҚЕС) талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.
Бақылау нәтижелері бойынша бекітілген есеп саясатының болмауы қаржылық есептіліктің бұрмалану тәуекелдерін туындатып, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын төмендететіні атап өтілді.
Осыған байланысты Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қолданыстағы заңнама және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес есеп саясатын жетілдіру, бекіту және оны бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесінде қолдану бойынша тиісті ұсынымдар берді.