Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті: аграрлық несие саласында 7 646,6 мың теңге көлемінде негізсіз субсидия аудару фактісі анықталды

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалына жүргізілген тексеру барысында қаржылық заң бұзушылықтарды анықтады.

Аудит нәтижесінде «Яссы-Несие» кредиттік серіктестігі арқылы жеке кәсіпкер «Нурдалет»-ке берілген 40 800,0 мың теңге көлеміндегі несиені субсидиялау кезінде белгіленген талаптардың сақталмағаны белгілі болды.

Тексеру барысында қаражаттың мақсатты пайдаланылуы, қарыз алушының міндеттемелерді орындау жағдайы және субсидия беру шарттары толық көлемде ескерілмегені анықталды. Соның салдарынан уәкілетті комиссия тарапынан тиісті талаптарға сай келмейтін шешім қабылданып, нәтижесінде «Яссы Несие» КС» ЖШС-ның есепшотына 7 646,6 мың теңге субсидия қаражаты негізсіз аударылған.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар қаржылық шешімдер қабылдау кезінде бақылаудың жеткіліксіздігін және құжаттарды жан-жақты тексермеу салдарын көрсетеді.

Қазіргі уақытта анықталған бұзушылықтарды жою және бюджет қаражатын қалпына келтіру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беру мәселесі қарастырылуда.

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

 
Дата публикации
13 мая 2026
Дата обновления
14 мая 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы