Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті: «Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қаржылық бұзушылықтар анықталды

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудиторлық іс-шара жүргізді.

Аталған аудит «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінде тәуекелдер бейіндеріне іліккен еңбекақы төлемдерінің Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларына сәйкестігін анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Аудит барысында мекеменің қаржылық құжаттары, бухгалтерлік есептері, штаттық кестелері және еңбекақы төлеуге қатысты құжаттары жан-жақты зерделенді. Нәтижесінде аудит объектісінде штаттық кестенің заңнама талаптарына сәйкес дұрыс бекітілмегені анықталды. Соның салдарынан жекелеген қызметкерлерге еңбекақы артық төленген.

Сонымен қатар, кейбір қызметкерлерге жалақының негізсіз артық есептелгені, ал бірқатарына тиісті төлемдердің толық жүргізілмегені белгілі болды. Аудит барысында сауықтыруға арналған жәрдемақыларды есептеу кезінде де қателіктерге жол берілгені анықталды.

Мамандардың айтуынша, мұндай кемшіліктер бухгалтерлік есеп жүргізу барысында заңнама талаптарының толық сақталмауынан туындайды. Осыған байланысты аудит қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Департамент тарапынан мекеме қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, еңбекақы мен өзге де төлемдерді есептеу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ қаржылық тәртіпті күшейту, бухгалтерлік есептің сапасын арттыру және ішкі бақылау жұмыстарын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттік аудиттің негізгі мақсаты – бюджет қаражатының мақсатты, тиімді әрі заңды жұмсалуын қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

 

Дата публикации
13 мая 2026
Дата обновления
14 мая 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы