Меню

Страницы

Статья

Табиғатты аялау – ортақ міндет: Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұжымы «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысты

    Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында «Ағаш отырғызу – игілікті істің бастауы» атты кең көлемді экологиялық іс-шара өтті. Аталған игі бастамаға Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ұжымы да белсенді қатысып, қала аумағын көгалдандыру жұмыстарына өз үлесін қосты.

       Экологиялық акцияның негізгі мақсаты – Түркістан қаласының жасыл желек қорын арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және қоғам арасында табиғатқа деген жанашырлықты күшейту болды. Сонымен қатар, іс-шара барысында кеңінен насихатталған «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаттары азаматтардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

     Ауқымды шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыс әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері және өңірдегі мекеме қызметкерлері қатысты. Жалпы 36 мекемеден 800-ге жуық адам жиналып, Түркістан қаласының кіреберіс аумағына тал көшеттерін отырғызды.

     Іс-шара барысында 1200 түп қырым қарағайы мен 1000 түп жапырақты ағаш егілді. Бұл жұмыстар Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, өңірдің табиғи келбетін көркейтуге де оң ықпал етеді деп күтілуде.

    Аталған экологиялық бастамаға Департамент қызметкерлері ұйымшылдықпен қатысып, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін нақты іспен көрсетті. Ұжым мүшелері тал отырғызу арқылы туған жерге деген жанашырлық пен экологиялық мәдениеттің маңызын дәріптеді.

    Шараның тағы бір ерекшелігі – жастардың белсенділігі болды. Студент жастар мен еріктілер табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарға белсене араласып, экологиялық мәдениеттің қоғамда қалыптасып келе жатқанын көрсетті. Сонымен қатар, Түркістанға келген шетелдік туристердің де акцияға қатысып, өз қолдарымен тал егуі іс-шараның халықаралық сипат алғанын аңғартты.

    Табиғатты қорғау және көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Осындай игі бастамалар қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттырып, өңірдің көркеюіне, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.

 

Дата публикации
13 мая 2026
Дата обновления
14 мая 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы