Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінде жалақы бойынша мониторинг жүргізуде. 2026 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша 5 448,2 мың теңге сомасында жалақыны асыра сілтеу бойынша заң бұзушылықтар анықталды. Бүгінгі таңда бұзушылықтар жойылып, қаражат бюджетке толық көлемде қайтарылды.
Департамент күн сайын жалақыны асыра сілтеу, негізсіз төлемдер жасау, жұмыс істелген сағаттар мен мөлшерлемелерді қолдан көбейту тәуекелдеріне талдау жүргізеді.
Сондай-ақ, Департамент жалақы төлеудегі заң бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтау бойынша бірлескен жұмыс мәселелеріне қатысты «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы», «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы», «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы», «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемелерімен кеңестер өткізеді.