Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын бақылау мақсатында онлайн-бюджеттік мониторинг жүргізуде.
«Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулі нақты уақыт режимінде ақша қаражатының аударылуын бақылауға және ықтимал қаржылық бұзушылықтарды, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу кезінде дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Жүйе енгізілген уақыттан бастап төлемдері жоғары тәуекел деңгейіне жатқызылған мониторинг объектілеріне Департамент тарапынан 1252 хабарлама жолданды.
Салалар бөлінісінде:
Мәдениет саласында 169 хабарлама жолданып, ұсынылған материалдарды қарау нәтижесінде 1,1 млн теңге сомасында бұзушылықтар анықталды. Аталған қаражат толық көлемде бюджетке өтелді.
«Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулі қаржылық бұзушылықтарды жедел анықтау және бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеу құралы ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.
Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті превентивтік бақылауды күшейту, бюджеттік үдерістердің ашықтығын арттыру және бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.