7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні.
Отан қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Егемендігіміз бен бейбіт өмірімізді сақтауға барша азамат өз үлесін қосып келеді. Отан отбасынан басталады десек, әрбір шаңырақтағы тәрбие, жауапкершілік пен елге деген құрмет – нағыз патриотизмнің негізі. Отбасында қалыптасқан осы құндылықтар қоғамға таралып, елдің бірлігі мен әлеуетін одан әрі арттырады.
Отан алдындағы еңбек қашанда зор құрметке лайық. Әрқайсыңыздың еңбектеріңіз дамудың берік тірегіне айналып отыр.
Осы мерекені пайдалана отырып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті ұжымының мүшелеріне зор денсаулық, қажымас қайрат және жаңа жетістіктер тілейміз. Еліміз әрдайым өркендей берсін, әрқашан амандық болсын, тыныштығымыз мызғымас болсын!