Меню

Страницы

Статья

Аудит қорытындысы: Талдықорған қаласында арық желілерін реконструкциялау жобасында заң бұзушылықтар анықталды

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ-де мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті арқылы келіп түскен өтініш негізінде жүргізіліп, «Талдықорған қаласының арық желілерін реконструкциялау» жобасы шеңберінде шарттық міндеттемелерді орындау кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтыды.

Аудит нәтижелері бойынша 25 056,2 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ 73 616,6 мың теңге сомасында айыппұл есептеуге байланысты рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

Бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып, мердігер ұйымға орындалған жұмыстар үшін негізсіз төлем жүргізілгені анықталды.

Аудит қорытындысы бойынша объектіге анықталған бұзушылықтардың себептерін жою, тиісті шаралар қабылдау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берілді.

Аудит материалдары құқық қорғау органдарына құқықтық баға беру үшін жолданды.

Қазіргі уақытта анықталған бұзушылықтар сомасы толық көлемде бюджет кірісіне өтелді. Лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дата публикации
05 мая 2026
Дата обновления
06 мая 2026
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы