Меню

Страницы

Статья

Бір көзден алу тәсілімен шарттар жасасу кезіндегі бұзушылықтар

Мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік міндеттерді іске асырудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді. Ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында бір көзден алу тәсілін қолданудың негізділігіне ерекше назар аударылады.

2026 жылғы бірінші тоқсанда Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бір көзден алу тәсілімен жүргізілген сатып алуларға камералдық бақылау шеңберінде жалпы сомасы 59,3 млрд теңгені құрайтын 334 бұзушылықты анықтады.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, ең көп таралған бұзушылықтар заңнамада белгіленген шекті мөлшерлерден асыра отырып біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алумен, сондай-ақ сатып алуларды бөлшектеу фактілерімен байланысты. Сонымен қатар, өткен жылы жасалған шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан жеткізушінің бас тартуы болмаған жағдайда күнделікті және апталық қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайларды жалға алу кезінде растайтын құжаттардың болмауы жағдайлары да анықталуда.

Айта кету қажет, 80 мемлекеттік сатып алу жалпы сомасы 232,2 млн теңгеге бәсекелестік ортаға ауыстырылды, бұл жеткізушілерді неғұрлым ашық әрі бәсекелі негізде айқындауды қамтамасыз етті.

Департамент тапсырыс берушілердің назарын мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау, сатып алу тәсілін негізді таңдау және сатып алу қызметін жоспарлау кезінде формальды көзқарасқа жол бермеу қажеттігіне аударады.

Дата публикации
04 мая 2026
Дата обновления
04 мая 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы