Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылғы 1-тоқсандағы жұмыс қорытындыларын шығарды.
Есепті кезеңде жалпы қамтылған қаражат көлемі 11,7 млрд теңгені құрайтын 5 жоспарлы аудиторлық іс-шара өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзушылықтары жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 267 млн теңге және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 3,6 млрд теңге.
Қабылданған шаралармен 214,4 млн теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар жойылды, бұл бұзушылықтардың жалпы сомасының 80,3%-ын құрайды. Оның ішінде:
– 26,6 млн теңге бюджетке өтелді;
– 187,8 млн теңге бухгалтерлік есепте көрсетілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде Департамент денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарда, оның ішінде жеке медициналық ұйымдарда бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың негізділігі мәселесі бойынша мемлекеттік аудит жүргізуде.
Прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде 7 қорытынды беріліп, олардың нәтижелері бойынша 1,8 млн теңге сомасына бұзушылықтар анықталды.
Мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылаумен жалпы сомасы 1 трлн 246 млрд теңгені құрайтын 29 603 сатып алу рәсімі қамтылды. Жалпы сомасы 124,4 млрд теңгеге 1 201 сатып алу рәсімі бойынша бұзушылықтар анықталды.
Есепті кезеңде 134 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 102 іс қысқартылған тәртіпте қаралды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 20,2 млн теңгені құрады, оның ішінде 17,3 млн теңге өндірілді, бұл салынған айыппұлдардың жалпы сомасының 85,6%-ын құрайды. Сонымен қатар, 26 іс Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, сондай-ақ бюджет қаражатын заңды пайдалану мен мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруда.