Меню

Страницы

Статья

Дәрілік заттарды негізсіз есептен шығару

Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2025 жылы ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және оның аймақтық бөлімшелерінің 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит нысандарының тізімі негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№22 қалалық емханасы» КММ-де (бұдан әрі – №22 ҚЕ) сәйкестік аудитін жүргізді.

Аудит көлемі 1 698 601,6 мың теңгені құрады, соның ішінде жалпы сомасы 588 711,35 мың теңге құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды (қалпына келтіруге жататын -123 166,48 мың теңге, бюджетке өтеуге жататын -465 544,87 мың теңге). Сондай-ақ, 248 122,82 мың теңге сомасында рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар белгіленді (белгіленген еңбек ақы қорының асып кетуі, қызметкерлерді Басқарушы Кеңестің келісімінсіз сыйақылау және т.б.).

Бұзушылықтардың айтарлықтай бөлігі бюджетке өтеуге жататын дәрілік заттарды негізделмеген есептен шығарумен байланысты.

Осылайша, №22 ҚЕ-де дәрілік заттарды растайтын құжаттарсыз (науқастардың ауру тарихына (науқас картасы және т.б.) сәйкес дәрі-дәрмек шығыны туралы есептер жоқ, күндізгі бөлімнің дәрі-дәрмек шығынын есепке алу журналына енгізілмеген, күндізгі стационардың ауру тарихтары «Дамумед» МАЖ-ға электронды түрде енгізілмеген) дәріхана қоймасынан тікелей фармацевт арқылы жалпы сомасы 19 616,27 мың теңге құрайтын дәрілік заттар негізделмеген түрде есептен шығарылды, сонымен қатар орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттар жалпы сомасы 445 928,6 мың теңге құрайтын сомаға негізделмеген түрде есептен шығарылды.

Сондай-ақ, аудиторлар артық енгізілген штаттық бірліктер, негізделмеген қосымша төлемдер, үстемеақылар, материалдық көмек, сыйақылар, медициналық емес қызметкерлерге арналған дифференциалды қосымша төлемдер, СКПН, командировкалық шығындарды өтеу және т.б. бойынша көптеген бұзушылықтарды анықтады.

Назар аударарлық жағдай – №22 ҚЕ-де іс жүзінде жұмыс істемейтін №22, №23 учаскелері үшін жалпы сомасы 16 902,0 мың теңге құрайтын еңбек ақысын, қосымша төлемдерді, СКПН-ды негізделмеген есептеу және жұмыс орындалмаған/қызмет көрсетілмеген ЖЖШ шарты бойынша екі жеке тұлғаға жалпы сомасы 10100,0 мың теңге құрайтын негізделмеген төлем.

Аудит нәтижелері бойынша №22 ҚЕ басшысына анықталған бұзушылықтарды жою және оларды жасаған тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы бұйрық жолданды. Бұйрықты орындамағаны үшін №22 ҚЕ басшысына қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың шешімімен әкімшілік айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңына сәйкес Департамент қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар аудит материалдарын тиісті аудиторлық дәлелдермен Алматы қаласының Прокуратурасына процестік шешім қабылдау үшін жіберді.

Департамент өтелмеген және қалпына келтірілмеген сомалар бойынша Алматы қаласының СМЭС-не талапхат берді. Алматы қаласы СМЭС-нің шешімімен «Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» ММ талабы қанағаттандырылып, сот №22 ҚЕ-ді Бұйрықты орындауға міндеттеді.

Қазіргі уақытта №22 ҚЕ бойынша бұзушылықтар ішінара жойылды, 123 166,48 мың теңге сомасында есептік шотқа қалпына келтіру және есепке көрсету арқылы қалпына келтірілді.

 

Дата публикации
30 апреля 2026
Дата обновления
04 мая 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы