Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылдың бірінші тоқсанынды қандай нәтижелер көрсетті

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекетік аудит департаменті (әрі қарай - Департамент) 2026 жылдың 1 тоқсанында 15 аудиторлық іс-шара өткізді. Қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі 9,5 млрд. теңгені құрады.

Тексеру барысында жалпы сомасы 5,3 млрд. теңгеге бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі заңнаманың бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде 5,2 млрд. теңге қаржылық бұзушылықтарға, ал 0,1 млрд. теңге процедуралық бұзушылықтарға жатады.

Анықталған қаржылық бұзушылықтарды жою үшін департамент шаралар қабылдады, нәтижесінде 0,2 млрд. теңге сомасына бюджет қаражатын қалпына келтіруге және өтеуге мүмкіндік туды.

Есепті кезеңде аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бұл ретте атқарып отырған лауазымынан босату жағдайлары болған жоқ.

Анықталған бұзушылықтарды жою және бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында департамент 15 нұсқама жіберді. Есепті күнге орындау мерзімі 6 нұсқама бойынша келді, олардың барлығы толық орындалды.Жүргізілген талдау мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметінде бюджет заңнамасының талаптарын сақтамауға байланысты бұзушылықтардың әлі де анықталып отырғанын көрсетеді. Ең жиі кездесетін бұзушылықтар жалақыны есептеу және төлеу тәртібін сақтамауға қатысты болып отыр. Атап айтқанда, жалақыны, сыйақыларды және өзге де төлемдерді негізсіз төлеу, сондай-ақ іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын аудару фактілері орын алуда.Мұндай бұзушылықтардың негізгі себептерінің бірі – мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары мен жауапты қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын жеткілікті деңгейде зерделемеуі және қолданбауы болып табылады.Қалыптасқан тәжірибе мемлекеттік қаражатты пайдалану саласында бақылауды одан әрі күшейту және бюджет тәртібінің қағидаттарын қатаң сақтау қажеттігін айқын көрсетеді.Жүйелі бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бюджеттің орындалуын бақылауды күшейтуді, қызметкерлердің біліктілігі мен құқықтық сауаттылығын тұрақты түрде арттыруды, анықталған кемшіліктерді уақтылы жоюды және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды қамтитын кешенді тәсіл қажет. Сонымен қатар шарттық міндеттемелерді іске асыру барысында тапсырыс берушілердің, техникалық қадағалау органдарының және мердігер ұйымдардың жауапкершілігін арттырудың маңызы зор.

 

 

Дата публикации
28 апреля 2026
Дата обновления
28 апреля 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы