Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2026 жылдың 1 тоқсанында жалпы сомасы 191 млрд. 340 млн. теңгені құрайтын 7 519 мемлекеттік сатып алу лоттары қаралған.
Оның ішінде 288 лот бойынша (сомасы 2 млрд. 275 млн. теңге) бұзушылықтар анықталып, 288 хабарлама жолданды. Оның ішінде 187 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу, 2 хабарлама бойынша конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу, 98 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою, 1 хабарлама Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды жою туралы шешімінің күшін жою.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін лауазымды тұлғаларға 19 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 65 хаттама толтырылды.