Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылғы 1 тоқсан қорытындысы

2026 жылдың бірінші тоқсаны қорытындысы бойынша Департамент 8 аудиторлық іс-шара өткізді, оның нәтижесінде жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 1,3 млрд теңге.

Қаржылық бұзушылықтардың ең үлкен көлемі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ауыл шаруашылығы салаларында анықталды. Олар негізсіз субсидиялар төлеу, орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу, сондай-ақ техникалық сипаттамаға сәйкес келмейтін тауарларды сатып алу түрінде көрініс тапты.

Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде де жиі бұзушылықтарға жол беріледі.

Қабылданған шаралар нәтижесінде бюджетке 357 млн теңге өтелді, 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша Департамент 13 әкімшілік іс қозғады. Олардың нәтижесінде жалпы сомасы 1,9 млн теңгеге айыппұлдар салынды және олар толық көлемде бюджетке өндірілді.

Бұдан бөлек, онлайн бюджеттік мониторинг барысында жалақы түрінде негізсіз аударылған 2,1 млн теңге көлеміндегі қаражат анықталды. Аталған қаражат бюджетке қайтарылды.

 

 

Дата публикации
21 апреля 2026
Дата обновления
21 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
Мемлекеттік қаржы ашықтығын арттыру: онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің 2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы
Ақпарат
05 октября 2026
Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі бойынша 2026 жылға арналған ақпараты
Баяндама
24 сентября 2026
«Хромтау ауданы Аққұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ-гі аудит нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы