Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2025 жылдың 1 тоқсан бойынша 9 аудиторлық іс-шара өткізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар 190 567,6 мың теңге сомасында бюджеттік заңнаманы бұзушылықтарды анықтады, оның ішінде:қаржылық бұзушылықтар – 157 712,6 мың теңге және процедуралық бұзушылықтар – 32 855,0 мың теңге.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау бойынша жалпы сомасы – 12,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен бюджетке қалпына келтірілуге, өтелуге тиісті сомасы және есепке алу бойынша 157 712,6 мың теңгеден қалпына келтіруге тиісті, өтелгені және есеп бойынша көрсетілген – 54 941,6 мың теңге, 5 ұйғарым жолданды, аудит объектілері толық көлемде орындалған.
Аудит объектілерінің 5 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде басшылар - 2.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау нәтижелері бойынша 6 382 139,7 мың теңге сомасына 742 хабарлама жіберілді, оның ішінде 6 188 320,8 мың теңге сомасына 715 хабарлама орындалды.