Жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтерінің (бұдан әрі- ЖАО ІАҚ) қызметін үйлестіру мақсатында Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі- Департамент) әдіснамалық және консультациялық көмекті, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
2026 жылдың 1 тоқсанында тізбе бойынша 3 аудиторлық іс-шара көзделген, 3 аудиторлық іс-шара өткізілді.
Есепті кезеңде аудитпен қамтылған қаражат көлемі 129 680,3 мың теңгені құрады.
5 099,2 мың теңге сомасына бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 0,8 мың теңге (қалпына келтіруге, есепке алу және өтеу бойынша көрсетуге жатады), рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 2 850,0 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезіндегі бұзушылықтар 2 248,4 мың теңге.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша бюджетке өтелуге жататын сома 0,8 мың теңге сомасында, толық көлемде өтелді.
Аудиторлық іс шаралардың нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 3 шешім қабылданды, олар бойынша орындау мерзімі келген жоқ.
Аудит объектілеріне 12 ұсыным жолданды, олар бойынша орындау мерзімі келген жоқ.
Бірінші деңгейдегі сапаны бақылау департаменті 2026 жылдың 1 тоқсанында ІАҚ ЖАО-ның 1 материалын қамтыды, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың Жалпы Стандарттарына сәйкес деп танылған, ескертулермен №392 Ережені қамтыды.