Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың 1 тоқсанындыға Ақмола облысы бойынша ІМАД камералдық бақылау қорытындылары.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылауды жүргізу қағидаларының 5-тармағына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 01 шілдедегі №106 Заңының 23-бабына сәйкес, Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру жолымен, мемлекеттік сатып алу объектісіне бармай камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы алдын алу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өздігінен жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

2026 жылдың 1 тоқсанында камералдық бақылау бөлімі жалпы сомасы 152,7 млрд.теңгеге 12 031 Мемлекеттік сатып алуды (лоттарды) қамтыды.

Департамент 2026 жылдың 1 тоқсанында қамтылған мемлекеттік сатып алулардан (лоттардан) жалпы сомасы 8,6 млрд.теңгеге 776 лот бойынша бұзушылықтар белгіледі. Барлық белгіленген бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің атына камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберілді.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтың негізгі түрлері: конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде демпингтік бағаны заңсыз айқындау болып табылады; Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін заңсыз қолдану, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандартты көрсетпеу, қазақ тілінде техникалық ерекшеліктің болмауы, сатып алуды өткізу кезінде лицензияны (рұқсатты) көрсетпеу, әлеуетті өнім берушілерге заңда көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу.

Дата публикации
10 апреля 2026
Дата обновления
10 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы