Меню

Страницы

Статья

2026 жылғы I тоқсан бойынша Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің әкімшілік практикасының қорытындылары

    Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ҚР ҚМ ІМАК атынан әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға және әкімшілік айыппұлдардың бюджетке түсуін қамтамасыз етуге бағытталған қызметті тұрақты негізде жүзеге асырады.

    2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша Департамент лауазымды тұлғаларға қатысты жалпы сомасы 10 813 805 теңгені құрайтын 86 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады, олар толық көлемде өндірілді.

    Әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым бөлігі мемлекеттік сатып алу саласында анықталған. Атап айтқанда, 51 хаттама тапсырыс берушілердің шарттық міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау жағдайларында жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы талаптармен сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі үшін жасалды.

    Сонымен қатар, 34 хаттама мемлекеттік сатып алудың веб-порталында жылдық сатып алу жоспарларын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды орналастырмау немесе уақтылы орналастырмау үшін рәсімделді.

    Әкімшілік практика шеңберінде Департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібін кеңінен қолданады, бұл айыппұлдардың жедел төленуін және олардың бюджетке уақтылы түсуін қамтамасыз етеді.

Дата публикации
10 апреля 2026
Дата обновления
10 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы