Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласындағы №69 мектепте жалақы төлеу кезінде бұзушылықтар анықталды

Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Алматы қаласы Білім басқармасының «№69 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты электрондық аудит жүргізді. Тексеру 2023 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңді қамтыды және азаматтардың мекеменің жекелеген қызметкерлеріне жалақы есептеулерінің негізділігі туралы өтініші және «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің деректері бойынша анықталған тәуекелді төлемдер негізінде басталды.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 139,3 миллион теңге болатын қаржылық бұзушылықтар анықталды. Олардың қатарында:

  • ҚР Үкіметінің 29.08.2001 ж. №1127 қаулысы мен мекеменің 06.10.2023 ж. №ЛС 2023-10-04 бұйрығын бұзу арқылы 484,5 мың теңге сомасында негізсіз сыйақы есептелген.
  • ҚР Еңбек кодексінің 103-бабының 1-тармағы мен ҚР Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағын бұзу арқылы, жұмысшылардың карталық шоттарына іс жүзінде жұмыс істелмеген уақыт үшін 138 369,0 мың теңге сомасында негізсіз жалақы аударымдары жүргізілген.
  • Сондай-ақ 468,6 мың теңге сомасында негізсіз жалақы есептеуі анықталды.

Аудит барысында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану кезінде заңнаманы бұзу фактісі де тіркелді. Мекеме директорының ЭЦҚ-ны бас есепшіге тапсырғаны анықталды, бұл заңнама талаптарына қайшы келеді – ЭЦҚ жекелендірілген құрал болып табылады және үшінші тұлғаларға тапсырылуға жатпайды.

Аудит қорытындысында айтылғандай, бұзушылықтар басшылықтың тиісті бақылауды, соның ішінде еңбек және бюджет заңнамасы нормаларын сақтау саласында жүргізбеуі нәтижесінде мүмкін болды. Бұл мемлекеттік бюджетке айтарлықтай шығын әкелді.

Сонымен қатар, ЭЦҚ-ны басқа тұлғаларға тапсыру электрондық құжаттарды, соның ішінде қаржылық құжаттарды бақылаусыз қол қою тәуекелдерін тудырды.

Аудит нәтижелері бойынша мектепке бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы бұйрық жолданды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Аудит материалдары сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі (ӘҚБК ҚР) шеңберінде әкімшілік іс қозғау мәселесін қарау үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жіберілді.

Департамент сотқа Алматы қаласы Білім басқармасының «№69 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі анықталған бұзушылықтарды жоюға, сондай-ақ жергілікті бюджеттің кірісіне 138,9 млн теңге бағаланған зиян сомасын өтеуге міндеттеу талабымен жүгінді.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты іс материалдарын қарап, талапты толық көлемде қанағаттандырды. Сот Департамент талаптарының заңдылығы мен бұйрықты толық орындау қажеттілігі туралы қорытындыға келді.

Дата публикации
09 апреля 2026
Дата обновления
15 апреля 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы