Меню

Страницы

Статья

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2026 жылдың 1-тоқсандағы қорытындысы бойынша әкімшілік практикасы

2026 жылдың 1-тоқсанында Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан барлығы 32 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 6 іс аудит нәтижелері бойынша қозғалған.

Әкімшілік істердің басым бөлігі мемлекеттік сатып алу саласындағы және аудиторлық ұйымдардың заңбұзушылықтарына қатысты. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу нормаларын сақтамай жасалған шарттар, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа уақтылы талап қойылмау және аудиторлық ұйымдарға міндетті аудит жүргізу үшйн қойылатын ең аз талаптарды сақтамау сияқты бұзушылықтар тіркелген.

Әкімшілік істерді қарау нәтижесінде жалпы сомасы 3,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған айыппұлдар 100% көлемінде бюджетке өндірілді. Қозғалған істердің 13-і Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 811-бабына сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді толық көлемде жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаға салынған айыппұлдың 50% мөлшерін жеті күн ішінде төлеуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
09 апреля 2026
Дата обновления
09 апреля 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы