Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу және орындау кезінде ҚР Бюджет және өзге де заңнамасы нормаларының талаптары мәселесі бойынша ішкі мемлекеттік аудит жүргізді.
"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік аудиттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Жүргізілген аудит Бюджет қаражатын заңды пайдалану мәселесі бойынша шоғырланған, бұл ретте талаптардың Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің нормаларынан ауытқулары белгіленген, өйткені аудит объектісі жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарларды, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметтерді жеткізуді растаудың дұрыстығын қамтамасыз етпеген, бұл аудит объектісі орындалған жұмыстар актілері бойынша негізсіз ақы төлеуге әкелді.
Сонымен қатар, аудит объектісі мердігерде құрылыс-монтаж жұмыстарына сәулет, қала-құрылыс және (немесе) құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензияның болмауына байланысты Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын бұзды.
Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті аудит объектісінің атына ұйғарым шығарды, оған анықталған бұзушылықтар сомасын қалпына келтіру жөнінде тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.
Бұдан басқа, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"кодекстің 207-бабының 11-бөлігі бойынша Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдерін бұзған лауазымды адамдарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасалды.
Осылайша, бюджет және өзге де заңнама нормалары талаптарының анықталған ауытқулары жойылып, аудит объектісінің лауазымды тұлғаларына әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.