2026 жылдың бірінші тоқсанында Департамент әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 137 хаттама жасады, оның ішінде 101 хаттама қарау үшін сотқа жолданды.
36 материал бойынша Департамент жалпы сомасы 8 185 060 теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салды, олар толық көлемде өндірілді, оның ішінде:
- мемлекеттік сатып алу саласындағы 32 әкімшілік құқық бұзушылық ісі, жалпы сомасы 7 320 060 теңге, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабында көзделген. Негізгі бұзушылықтар тапсырыс берушілердің жеткізушілерді жосықсыз қатысушылар тізіліміне еңгізу бойынша шаралар қабылдамауына, сондай-ақ жекелеген жеткізушілерге артықшылықтар беруіне байланысты;
- бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама саласындағы 4 әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралып, 865 000 теңге сомасында айыппұл салынды (ҚР ӘҚБтК-нің 238, 239-баптары). Бұзушылықтар бухгалтерлік есептің тиісті түрде жүргізілмеуінен туындаған.
Департамент ҚР ӘҚБтК-нің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерде қысқартылған іс жүргізуді белсенді түрде қолдануда. Бұл әкімшілік іс қозғалған тұлғаға айыппұл сомасының 50 пайызын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді.