Меню

Страницы

Статья

Аудит қорытындысы: еңбекақы және мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтар тіркелді

     Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ-де Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының сақталуы мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара жүргізілді.

     Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 3 544,3 мың теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды.

     Атап айтқанда:

  • қызметкерлерге еңбекақы төлеу кезінде артық төлемдер мен кем төлемдерге жол берілген;
  • түгендеу жүргізу барысында тауарлық-материалдық қорлар бойынша жетіспеушілік анықталған.

     Аталған фактілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының», сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, азаматтық қызметшілердің және қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының талаптарының бұзылғанын көрсетеді.

     Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптары бұзылып, Заказшы тарапынан жеткізушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арыз берілмеген.

     Аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабы 10-2-бөлігі және 238-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды.

     Аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ оларға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.

Дата публикации
08 апреля 2026
Дата обновления
09 апреля 2026
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы