Меню

Страницы

Статья

Жетісу облысындағы медициналық мекемеде балалар тағамын сатып алу кезінде бұзушылықтар анықталды

     Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақсудың орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-де шарттық міндеттемелерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуы мәселесі бойынша жоспардан тыс аудит жүргізілді.

     Аудит нәтижелері бойынша 0-ден 6 айға дейінгі және 6-дан 12 айға дейінгі балаларды аралас және жасанды тамақтандыруға арналған құрғақ сүт қоспаларын жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу шеңберінде жеткізілген өнімнің Заказшының техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға бірқатар техникалық және сапалық сипаттамалар бойынша сәйкес келмейтіні анықталды.

     Атап айтқанда, келесі сәйкессіздіктер анықталды:

техникалық ерекшелікке сәйкес қоспаның осмолялдылығы 295 мОсм/кг-ден аспауы тиіс болса, жеткізілген өнімде бұл көрсеткіш 300 мОсм/кг құрайды;

темірдің мөлшері 0,7 мг/100 мл-ден аспауы тиіс болғанымен, нақтысында 1,2 мг/100 мл құрайды;

лактоза мөлшері көмірсулардың жалпы көлемінің кемінде 90%-ын құрауы тиіс болса, «Nutrilak Premium 2» қоспасында бұл көрсеткіш 61%-ды құрайды.

     Ұқсас сәйкессіздіктер өнімнің басқа да құрамдас бөліктері бойынша, соның ішінде майлар, селен, ниацин, фолий қышқылы, пребиотиктер және басқа да көрсеткіштер бойынша анықталды.

     Осылайша, жеткізілген сүт қоспасы Заказшы белгілеген техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейді.

     Анықталған бұзушылықтарға байланысты аудитпен оларды жою туралы, сондай-ақ бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.

     Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы талаптарының бұзылуына жол беріліп, Заказшы тарапынан жеткізушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арыз берілмеген.

     Аталған факт бойынша кәсіпорынның лауазымды тұлғасына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабы 10-тармағының 10-2) тармақшасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама жасалды.

 

Дата публикации
08 апреля 2026
Дата обновления
09 апреля 2026
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы