«ҚР ҚМ ІМАК Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» «Онлайн бюджеттік мониторинг» платформасында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы төлеуге бағытталған ақшалай қаражаттың аударылуын бақылауды тұрақты негізде жүзеге асырады.
Мониторингтің негізгі мақсаты – бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету.
Тәуекелдер анықталаған кезде Департамент қызметкерлері тиісті хабарламалар жолдайды, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда аудиторлық іс-шаралар тағайындалады.
2026 жылдың басынан бері департамент төлемдері жоғары тәуекел санаттарына жатқызылған аталған салалардың қызметкерлеріне қатысты жалпы сомасы 1,6 млрд.теңгені құрайтын 237 хабарлама жіберілді.
Заңсыз төлемдер расталатын тәуекелдер бойынша қаражат мемлекеттік бюджетке қайтарылады.
Бүгінгі таңда Павлодар облысы бойынша бюджет қаражатының көп бөлігі қайтарылды.
Қазіргі уақытта заңсыз қаржылық операцияларды анықтау бойынша жұмыс жалғасуда.
Бұл функционал жұмысын жалғастырып, қаржылық бұзушылықтардың алдын алу және ел бюджетін қорғау үшін жаңа инновациялық тәсілдерді енгізетін болады.