Меню

Страницы

Статья

Бюджет қаражатын цифрлық мониторингтеу

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік қаражаттың нысаналы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында бюджет атқарылуын цифрлық мониторингтеуді тұрақты негізде жүзеге асырады.

Аталған тетік шеңберінде Департамент білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары қызметкерлерінің төлемдеріне талдау жүргізді. Талдау нәтижелері бойынша тәуекел деңгейі жоғары операциялар анықталып, 156 896,9 млн теңге сомасына 447 мониторинг объектісіне хабарламалар жолданды, оның ішінде:

  • білім беру саласында – 171 объектіге 66 927,6 млн теңге сомасына;
  • мәдениет және спорт саласында – 173 объектіге 64 905,7 млн теңге сомасына;
  • денсаулық сақтау саласында – 103 объектіге 25 063,6 млн теңге сомасына.

Бюджет қаражатын цифрлық мониторингтеу модулін қолдану оның бюджет үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуына жедел бақылау жүргізу, сондай-ақ қаржылық бұзушылықтар тәуекелдерін ерте кезеңде анықтау тұрғысынан тиімділігін растады.

Департамент превентивтік бақылау шараларын күшейту және бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Дата публикации
02 апреля 2026
Дата обновления
02 апреля 2026
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы