Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысында бюджет қаражатын бақылау жалғасуда

Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының тиімді, ашық және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты онлайн-мониторингті жалғастыруда. Бұл жұмыс қаржылық тәртіпті күшейту, тәуекелдерді дер кезінде анықтау және бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол бермеу мақсатында жүргізіледі.

2026 жылдың ақпан айында Департамент тарапынан жалпы сомасы 41,2 млн теңгеден асатын 98 тәуекелді төлемдер бойынша 25 хабарлама жолданды. Оның ішінде Қызылорда қаласы, Арал, Жаңақорған, Қармақшы, Жалағаш аудандарының білім беру ұйымдарында бюджет қаражатын негізсіз және қате аудару фактілері анықталды. Тәуекелді операциялардың негізгі бөлігі білім беру саласына тиесілі — 34,0 млн теңге. Сондай-ақ, спорт саласында — 2,9 млн теңгеге, мәдениет саласында — 4,3 млн теңгеге тәуекелді төлемдер анықталды.

Нәтижесінде қаңтар айында анықталған негізсіз төлемдердің жалпы көлемі 7,2 млн теңгені құрады. Аталған сома мемлекеттік бюджетке және білім беру ұйымдарының шоттарына қайтарылды.

Атқарылған жұмыс нәтижелері Департаменттің бюджет тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге, тәуекелді операцияларды дер кезінде анықтауға және қаржылық заңнаманың бұзылуына жол бермеуге бағытталған жүйелі жұмысының жоғары тиімділігін дәлелдейді. Бұл мемлекеттік қаражаттың негізді және мақсатты пайдаланылуына ықпал етеді.

Дата публикации
31 марта 2026
Дата обновления
31 марта 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы