Меню

Страницы

Статья

Онлайн бюджеттік мониторинг – тұрақты қаржылық бақылау құралы

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жоспардан тыс аудиторлық іс-шара өткізді.

Аудит тағайындауға негіз ретінде «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің деректері алынды. Аталған деректерге сәйкес мәдениет ұйымы қызметкерлерінің карт-шоттарына жалақы және лауазымдық айлықақыға қосымша төлемдер ретінде аударылған тәуекелді төлемдер анықталған.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 26,2 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 467,2 мың теңге көлемінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Мекеменің жекелеген қызметкерлері ғылыми атағы болмағанына қарамастан негізсіз «Профессор» лауазымына тағайындалған. Соған сәйкес лауазымдық айлықақыға қолданылатын коэффициенттер дұрыс қолданылмаған, нәтижесінде 16 млн теңге сомасына артық жалақы және өзге де төлемдер есептеліп, төленген.

Сонымен қатар, мекеме тарапынан «Оқытушы-концертмейстер» лауазымындағы қызметкерлерге 10,2 млн теңге сомасына жалақы негізсіз есептеліп, төленген.

Сондай-ақ, мекеме бюджет кірісіне аударылатын салықтық төлемдерді уақтылы есептеу, ұстап қалу және аудару талаптарын сақтамаған. Аталған бұзушылықтардың сомасы 467,2 мың теңгені құрады.

Осыған байланысты бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бұзғаны үшін университеттің бас бухгалтері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аудит қорытындысы бойынша мекеме атына анықталған бұзушылықтарды жою және оларды жіберген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.

Бүгінгі күні нұсқама толық көлемде орындалды: артық төленген жалақы 26,2 млн теңге көлемінде бюджет кірісіне өтелді, сондай-ақ 467,2 мың теңге сомасындағы салықтық аударымдар бюджетке аударылды.

Алдағы уақытта Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қаладағы әлеуметтік сала ұйымдарында заңсыз төлемдердің алдын алу мақсатында онлайн бюджеттік мониторингтің мүмкіндіктерін пайдалануды жалғастырады.

Дата публикации
11 марта 2026
Дата обновления
12 марта 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы