Меню

Страницы

Статья

№11 «Гауһар» балабақшасында жүргізілген аудит нәтижелері

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілері тізімі аясында №11 «Гауһар» балабақшасында аудиторлық іс-шара өткізді.

Тексеру нәтижесінде бюджеттік және басқа да заңнамалық бұзушылықтар шамамен 32,4 млн теңге көлемінде анықталды, оның ішінде:

  • қаржылық бұзушылықтар – 4,4 млн теңге;
  • рәсімдік бұзушылықтар – 28 млн теңге.

Аудит барысында Кәсіпорынның даму жоспарын нақтылау және түзету кезінде кемшіліктер анықталды, бұл кейбір шығындық баптар бойынша артық жұмсауға әкелді, сондай-ақ қызметкерлерге қосымша төлемдердің заңсыз есептелген фактілері тіркелді.

Сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізудегі бұзушылықтар анықталды: кейбір активтердің негізгі құралдар құрамында есепке алынбауы және ұзақ мерзімді активтердің қорлар құрамында көрсетілуі, бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына себеп болды.

Мемлекеттік сатып алу саласында әлеуетті жеткізушілердің конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдері негізсіз қабылдануы, лоттарға бөлінбеуі, техникалық сипаттамалардың ұлттық және халықаралық стандарттарды көрсетпей орналастырылуы, фирмалық атауларды көрсету, бір көзден жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу туралы есептердің уақытында жарияланбауы сияқты бұзушылықтар анықталды.

Аудит барысында қаржылық бұзушылықтар 2 млн теңге, рәсімдік бұзушылықтар 2,4 млн теңге көлемінде бухгалтерлік есепке енгізу және қалпына келтіру арқылы жойылды.

Бұзушылықтарға байланысты үш лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аудит нәтижесі бойынша балабақшаға анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.

Дата публикации
11 марта 2026
Дата обновления
12 марта 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы