«Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент) 2026 жылғы 2 ақпанда камералды бақылау нәтижелері бойынша "Қарлығаш" бөбекжай-балабақша» МКҚК (бұдан әрі – Мекеме) қызметінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 16-бабының 5, 6-тармақтарының бұзылуын анықтады. Атап айтқанда, шарт жобасын қалыптастыру кезінде тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы бірінші басшы қабылдайтын шешімдер қоса тіркелмеген.
Осыған байланысты 2026 жылғы 16 ақпанға дейін орындау мерзімімен №391010000-ОИПД-10-371071 бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданды. Алайда, мекеме аталған хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаған.
Осыған байланысты сот қаулысы негізінде Мекеме басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес, яғни мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының (лауазымды тұлғалардың), сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының өз құзыреті шегінде шығарған заңды талаптарын, нұсқамаларын, ұсынуларын немесе қаулыларын орындамау немесе тиісінше орындамау құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жасалған құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, мекеме басшысына әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. ҚР ӘҚБтК-нің 829-11-бабы 2-бөлігі қолданылып, айыппұл сомасы отыз пайызға төмендетілді.