2025 жылы Департамент тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы 351 хаттама жасалды. Оның 27 хаттамасы соттың қарауына жолданды.
324 материал бойынша Департамент 35 041 390 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салды.
Департамент негізінен мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарап (ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабы), 207 материал бойынша 18 959 510 теңге сомасында айыппұл салды.
Келесі орында 71 материал бойынша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама саласындағы құқық бұзушылықтар тұр. Олар бойынша 14 548 400 теңге айыппұл салынды (ҚР ӘҚБтК-нің 238, 239-баптары).
Нұсқамаларды орындамау фактілері бойынша 39 іс қаралды (ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы), олар бойынша 1 091 130 теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 250-бабы бойынша 13 іс қаралып, 442 350 теңге айыппұл салынды. Департамент 103 құқық бұзушылықты анықталды. Басқа әкімшілік істерді қозғауға прокуратура органдарының нұсқамалары, соттардың жеке ұйғарымдары, ревизиялық комиссияның, Жоғары аудиторлық палатаның, ішкі аудит қызметтерінің аудиторлық есептері және т.б. негіз болды.
Салынған 35 041 390 теңге әкімшілік айыппұлдың 33 547 230 теңгесі бюджетке төленді, яғни 95,7 %. Өндірілмеген айыппұлдардың сомасы 1 494 160 теңгені құрайды, олар сот орындаушыларының өндірісінде.