Меню

Страницы

Статья

Жетісу облысында жоспардан тыс аудит қорытындысы бойынша бюджет қаражаты өтелді

Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де «Кербұлақ ауданы Аралтөбе ауылында сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу» нысаны бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына жоспардан тыс аудит жүргізілді.

Аудит барысында мердігер ұйымның жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды толық орындамағаны анықталды. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 22 315,2 мың теңгені құрады.

Нәтижесінде азаматтық заңнама, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама, бюджет заңнамасы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының бұзылуына жол берілген. Мекеме орындалған жұмыстар көлемінің дұрыстығын тиісті түрде растамаған, соның салдарынан нақты орындалмаған жұмыстар үшін көрсетілген сомаға негізсіз төлем жасалған. Сонымен қатар, тапсырыс беруші жеткізушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінбеген.

Аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабының 10-2-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама енгізілді.

Қазіргі уақытта анықталған бұзушылықтар толық жойылып, 22 315,2 мың теңге бюджет кірісіне өтелді.

Дата публикации
05 марта 2026
Дата обновления
06 марта 2026
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы