Меню

Страницы

Статья

"Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ-нің "Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ-нің аудит нәтижелері

"Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ-нің "Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ-нде (бұдан әрі - Мекеме) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің хаты арқылы жолданған Е.С.Тагановтің арызында көрсетілген еңбекақы, сыйақы, іс-сапар және жанар-жағармайы шығындары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігіне, 2024 жылғы 01 қаңтарынан бастап 2025 жылғы 30 қарашасын қоса алғанға дейінгі кезең аралығына жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» №256 қаулысының 4-тармағының, 2-тармақшасы және 3-тармағының, 2-тармақшасы бұзылып, 2025 жылға  10 (он) мекеме қызметкерлеріне негізсіз тәулiкақы шығындары жалпы сомасы 267,4 мың теңгеге төленгені анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы №1210 қаулысының 2-тарау 8 тармағының 1-кестесіне қайшы, мекеме балансындағы автомобильдер үшін жанар-жағармай материалдары 2024-2025 жылдарға Мекемемен 11 264,0 мың теңге бюджеттік қаражат шығындары негізсіз шығысталған.

Қорытындылай келе, аудит нәтижесінде жалпы бұзушылықтар сомасы 11 531,4 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар, Департаментпен 03.02.2026 жылы Анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілген болатын. Қазіргі таңда бюджет кірісіне 11 531,4 мың теңге толық қайтарылды.

Дата публикации
05 марта 2026
Дата обновления
05 марта 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы