Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті 2025 жылдан бастап мемлекеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында онлайн бюджеттік мониторинг жүйесін тұрақты негізде қолданып келеді. Аталған цифрлық жүйе бюджет шығыстарын нақты уақыт режимінде бақылауға, тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауға және қаржылық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік береді.
Бюджетті онлайн бақылау – бюджет қаражатының қозғалысын автоматтандырылған түрде талдайтын заманауи цифрлық платформа. Жүйе арқылы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қаржы игеруі бойынша деректер жинақталып, талданып, тәуекел белгілері анықталған жағдайда уәкілетті органдарға жедел хабарламалар жолданады. Бұл өз кезегінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға және бюджет қаражатын тиімді басқаруға ықпал етеді.
Бюджетті қашықтықтан бақылау жүйесі қазіргі таңда мемлекеттік қаржы саласында ашықтықты арттыруға, қаржылық тәртіпті нығайтуға және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құрал ретінде өз тиімділігін дәлелдеді.
2026 жылдың басынан Департамент «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі арқылы білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша 470 тәуекел қаралып, жалпы сомасы 125 835, 4 мың теңгені құрайтын 33 хабарлама жолданды.
Тексеру нәтижесінде «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-нің «№26 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың қаңтар айында мектеп қызметкеріне жалпы сомасы 670,7 мың теңге еңбекақы артық төленген. Тиісті шаралар қабылданып, жалпы сомасы 670,7 мың теңге мекеме шотына толығымен қайтарылды.
Бюджет бағдарламаларының әкімшісіне жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қарау және өздерінің ресми интернет-ресурстарында тиісті ақпаратты шығару жөнінде хат жіберіліп, мекеме бухгалтеріне сөгіс жарияланды.
Бұл жағдай онлайн мониторинг жүйесінің тиімділігін дәлелдей отырып,мемлекеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуде ашықтық пен жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетті.